ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ АДАЛ БІЛІМ

Қараша айының 30-ы күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Журналистика және ақпарат БББ-ның ЖҚ-111 білімгерлеріне Ілескен Әлбатырұлы «Жемқорлықсыз таза сессия» және «Академиялық адалдық» туралы кураторлық сағаты өткізді.

Жиын барысында білімгерлердің оқу үлгерімі жайында сөз қозғалып, бірнеше пайдалы ақпарат топтамасымен таныстырды. Ең бастысы студенттерді алғашқы қысқы емтихан барысындағы ережелермен құлағдар етіп, өз күші мен білімдеріне сүйеніп сыннан сүрінбей өту қажеттілігі айтылды. Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күресіп, заңсыз істің алдын алудың маңыздылығын қадап айтты.

Бас ғимараттың 205а аудиториясында өткізілген маңызды шарада студенттер мамандық бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Кері байланыспен тәртіпті күшейтуге мән беруді тапсырған ұстаз барша білімгерлерге сәттілік тіледі.