«Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз» тақырыбында  печа –куча әдісімен дөңгелек үстел

30.11.2022ж. дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің тәрбие жұмысы бойынша үйлестірушісі А.Кунбосын жоғары мектептің  жастар қозғалысының жетекшілерімен бірге «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз» тақырыбында  печа –куча әдісімен жастардың басын қосты. Жаңа форматта өтуімен ерекшеленген жиында жастар қозғалысының жетекшілері қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз  қажет деген ойларымен слайдтар арқылы бөлісті.