Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілімен кездесу

2022 жылдың 02 желтоқсан күні Құқық және экономика жоғары мектебінің, Менеджмент және мемлекеттік басқару саласы бойынша білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының студенттермен және ПОҚ-мен кездесуі өтті.  Кездесуде превенция басқармасының аға офицері  Бегімбек Бауыржан  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы аясындағы жұмыс туралы» баяндады.