Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаментінің басшысымен кездесу

11.11.2022 ж. Университет студенттерінің мемлекеттік қызметке қабілеттілігін арттыру және жастарды тарту, мемлекеттік қызметке түсу жолдарын кеңінен насихаттау мақсатында Департамент басшысы Манап Қобылан Тоқбергенұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиал директоры Злобин Бакыт Николаевичпен студенттермен кездесу өтті. Бүгінгі студент – ертеңгі маман демекші, болашақта осы салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге қандай талаптар қойылатыны тілге тиек болды.
Кездеру аясында студенттерге мемлекеттік қызметке кіру тестілеуінің заңдылықтары мен тәртібі және құжат тапсыру рәсімдері түсіндірілді. Білім алушылардың әлеуетін арттыру, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мемлекеттік қызметтің өзінің және тұтастай алғанда экономиканың барлық салаларының кадрлық әлеуетін арттыруға әкелетіні атап өтілді. Кездесудің соңы сұрақ-жауаптарға ұласты.