Jas ǵalym

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Jas ǵalym» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 1 қазан мен 15 қараша аралығында келесі бағыттар бойынша өтті:

• Ақпараттық технологиялар (IT);

• Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;

• Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;

• Туризм;

• Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әзірлемелер.

Конкурсқа қатысу үшін 20 өтінім келіп түсті. Оның ішінде формальды белгілер бойынша 16 жоба іріктелді. Оның ішінде формальды белгілер бойынша 16 жоба іріктелді. 1 желтоқсанда жобаларды қорғау отырысы өтті. Комиссия құрамына университеттің жетекші ғалымдары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және ЖАО өкілдері кірді. Комиссия алдында жоба презентацияларын тыңдау және олардың ішінен конкурстың бекітілген ережесіне сәйкес келетін үздіктерді анықтау міндеті тұрды.