«ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары»

2022-2023 оқу жылының 25 қараша күні Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша БББ оқытушы-дәріскері Г.Нұрланова барлық мамандықтарға арналған «Қазақстан тарихы» курсы бойынша  ЖҚ 111, ТжҚҮБ 111, Қк 121 топтарына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәріс тақырыбы «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары» деп аталды. Мақсаты – тақырыпқа сай жаңа материалды теориялық тұрғыдан  мазмұны терең, жүйелі түрде, бірізділікпен ашып көрсету.  Дәріс барысында мәтінмен жұмыс, тақырыпқа байланысты өзекті сұрақтар қою, пікірталас әдістері қолданылды.