“ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ, СТУДЕНТТІК ӨМІР”

Студент болу  қиыншылығымен, қызықтылығымен есте қалатын кезең. Төрт жылы төрт күн секілді көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Осындай қызықты да шыжықты уақыт туралы университетіміздің гуманитарлық ғылымдар жоғары  мектебінің оқытушысы  Сулейменова Гульмира Саятқызы   05.12.2022 жылы “Қызықты көңіл, студенттік өмір” атты тәрбие сағатын филологтарды даярлау білім беру бағдарламаларының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс (қтә411-топ)  білімгерлерімен ұйымдастырды. Тәрбие сағатына құрметті оқытушылар да шақырылды. Сайлау Қажыбекұлы Мамиля Тургамбаевна, Шара Асетовна, Гульнара Төребековна, Мадина Болатовна  сынды тағы да  басқа оқытушылар қатысты.

Студенттер ән айтып, өлең оқыды. Қызықты сәттерін көрініс етіп қойды. Қонаққа келген оқытушыларға жағдаяттарға байланысты қызықты сұрақтар қойды. Ұстаздардан сұхбат та алынды. Бір сағаттың ішінде студенттің бақытты шағын көрсетіп бергендей болды. Келгендер  көзге жас аларлықтай жастық шаққа саяхат жасады. Тәрбие сағатының соңында ұстаздар өздерінің жылы лебізін жолдады.