«Өзіңді дамыту – болашаққа үлкен қадаммен тең»

14.10.2022 жылы Техникалық ғылымдар жоғары мектебі оқытушы ассистенті Токанбаев Асхат Еркинович «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Экология мамандығы 2-3 курс білімгерлеріне «Өзіңді дамыту – болашаққа үлкен қадаммен тең» ашық сабағын өткізді. Мақсаттар: балаларды өзін-өзі танудың кейбір әдістерімен таныстыру, балаларға өз бойындағы негізгі белгілерді қалай табуға болатыны туралы түсінік беру, олардың жеке қасиеттерін анықтау; балалардың өзін және өзгені дұрыс бағалай білуін дамыту; адамның өз күшіне, жақсырақ бола алатынына сенімін қалыптастыруға ықпал ету; жасөспірімдерді өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.