07.12.2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану жоғары мектебі, педагогикалық информатика БББ, педагогика ғылымдарының кандидаты Алдабергенова Айгуль Оналбековнаның және де оқытушы-дәріскері Есейқызы Айымның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ» рухани тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Үш кезеңнен тұратын мерекелік іс-шараға «Информатика», «Математика-Информатика» топтарының 1-курс студенттері қатысып, өздерінің белсенділіктерін танытты. А.О.Алдабергенова еліміздің тәуелсіздігіне ата-бабамыздың, халқымыздың ерен еңбекпен, маңдай термен қол жеткізгенді, қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргендігі туралы тарихи баяндама жасады. Осы орайда, студенттер тәуелсіздік жолындағы тарихи деректер айтып, бір-бірімен ойларын бөлісті. Келесі кезеңінде «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтасып, еліміздің елеулі тарихи күндері туралы постер әзірлеп, ортаға шығып өз ойларын топқа жеткізді. Соңғы кезең интеллектуалдық кезең болды, әр студент еліміздің тарихи деректерін қаншалықты білетінін онлайн платформа арқылы көрсете білді. Іс-шараның қорытындысын педагогикалық информатика бойынша БББ жетекшісі Ж.Т.Жиембаев шығарып, өз пікірімен түйіндеп кетті. Нәтижесінде ойын жеңімпаздары марапатталып, атаулы тарихи-мәдени іс-шара өз мәресіне жетті.