Есеп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне  арналған іс-шараны өткізу туралы

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша БББ оқытушы-ассистенті Мұратбек Нұрсара АҚ 311тобымен 07 желтоқсан 2022 ж. сағат 11.40 – та «Бизнесті жоспарлау және жобалау» пәнінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Агробизнестің өркендеуі» атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – Тәуелсіз елімізде қарқынды өркендеп келе жатқан агробизнестің бағытын, жоспарын әзірлеудің теориялық және әдістемелік негіздерін қарастыру. Болашақ агрономдар кәсіби қызметте білімді қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырды.

 Сондай-ақ, осы іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмелері дайындалып, ұйымдастырылды.