«Талдықорған қаласы ПШО жаттықтырушыларынан оқыту семинары»

08.12.2022 жылы Талдықорған қаласы ПШО жаттықтырушылары Акимжанова Айнұр Аралбайқызы және Нурпеисова Қуаныш Тыныштықбайқызы педагогикалық информатика және физика-математика бағыты бойынша БББ 3 және 4 курс студенттерінде алдағы педагогикалық практика бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты негізгі әдістемелік құралдарды, сондай-ақ оқыту құралдары мен технологияларын талқылау және көрсету арқылы болашақ педагогтардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық сауаттылығын арттыру болды.