Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттер арасында бірінші кезең – ЖОО ішіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы 2022 жылдың 8 желтоқсанда өтті.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2) Ең дарынды және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

 СҒЗЖ республикалық конкурсы 2 кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең – ЖОО ішіндегі;

2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында

СҒЗЖ конкурсына жаратылыстану, техникалық ғылымдардың өзекті мәселелері мен басым бағыттары бойынша студенттердің өз бетінше орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғап шықты.

Бірінші орынды «Сладкая радуга»  Жидебай Жақсылық, Рахимов Асқар және Забродин Сергей;  Екінші орынды Бесітай Тоқын «Гидропоникада арпа өсіру технологиясы»; Үшінші орындарға: Жеребаева Мерей «Итмұрынның кейбір түрлерін биотехнологиялық әдістерімен сақтау», және Қалибекова Раушан «Соя дақылының арамшөптерден қорғауда  тиімді химиялық әдістерін қолдануын зерттеу» ие болды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына ұсынылды.