Ted talks форматындағы байқау

2022 жылдың 7 желтоқсанында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінінің «Шет тілі және аударма ісі» БББ оқытушылары Доскелдина А.С., Жабықбаева Д.М., Жалелова Ж.А., Калибаева М.Ж., Сартова А.Е. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында  Ted talks форматында байқау өткізді. Байқаудың мақсаты: студеннтердің бойында отансүйгіштік, азаматтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұл байқаудың спикерлері ШТҚ 111, ШТҚ 112, ШТҚ  113, ИЯР 111, ПДР 111 топтарының 1 курс студенттері болды. Сөз сөйлеуде студенттердің сыбайлас жемқорлықсыз Жаңа Қазақстанды құру идеялары көрініс тапты.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды ШТҚ 111 топ студенті Сұлтанғазықызы Аруза, 2 орынды ШТҚ 112 топ студенті Элеонора Мұратова, 3 орынды ШТҚ 111 топ студенті Муратова Элеонора иеленді. Жеңімпаздар шағын сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.