Педагогика және психология жоғары мектебінде оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі өткізілді

19.12.2022 Педагогика және психология жоғары мектебінде оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің интеллектуалды, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, шығармашылық, ұжымда жұмыс істей білу қабілеттерін қалыптастыру. 

Олимпиаданың бірінші кезеңінде «Менің кәсіби ұстанымым» тақырыбы  аясында педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқытудың интербелсенді технологияларын қолдана отырып сабақ жоспарын әзірлеу, дидактикалық ойындар ұйымдастыру т.б. тапсырмалар орындалды.

Іс-шараға «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері және профессорлық оқытушылар құрамы: Ханина Н.Н., Майлыбаева Г.С., Тажинова Г.А., Алпысбаева Н.С., Ансабаева А.Д., Альменбетова Қ.Ж. қатысты.