6В01701- “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы бойынша 3- 4 курс студенттері арасында пәндік олимпиада

 22.12.2022 жылы Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 6В01701- “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы бойынша 3- 4 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтті. Олимпиада 3 кезеңнен болды (тест тапсырмалары, эссе, ашық сабақ өткізу). Қатысушылар арасынан оза шауып, білімі мен білігі, тыңғылықты дайындығымен жоғары нәтиже көрсеткен Қтә-412 топ студенттері Қасенова Талшын — І орын, Салық Арнагүл — ІІ орын, Кәкің Сымбат — ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Кафедра меңгерушісі Кыяхметова Шара Әсетқызы жеңімпаздарды жігерлендіріп, қатысушыларды қолдап, ізгі тілегін айтып, алдағы уақытта университет атынан қатысатын республикалық жарысқа сәттілік тіледі.