«Ғылыми мақала жазу ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар

           2022 ж 22 желтоқсан күні жоғары дене шынықтыру және өнер мектебінің профессор-оқытушылар құрамымен «Ғылыми мақала жазу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимде семинары өткізілді, онда жоғары дене шынықтыру және өнер мектебінің деканы Е. Өтегенов өзінің кіріспесінде ғылыми мақала жазу мақсатын ашты; деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, PhD докторы З. Шағатаева ғылыми зерттеулердің түрлері туралы презентация жасады; жалпы дамудың білім беру бағдарламасының жетекшісі, PhD докторы Э. Баженованың ғылыми мақаланы құрудың жалпы жоспары, оның тақырыбы туралы баяндамасы тыңдалды; жалпы даму білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, п.ғ.к. А.Куракбаева мақаланың құрылымы, оның негізгі бөлігі, қорытындылары, әдебиеттер тізімі туралы презентация жасады. Әскери ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің     бастапқы     әскери   дайындық кафедрасының профессоры Б. Жақыбақынов және біздің университеттің дене шынықтыру және өнер жоғары       мектебінің      қауымдастырылған     профессоры  (доценті),   п.ғ.к. Н. Адамқұлов ғылыми мақала жазу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.