Конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 15 желтоқсан күні профессор Жомарт Жапарұлы Жапаровтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференция оффлайн форматта өтті. «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция профессор Жомарт Жапарұлы Жапаровты еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың құрметті азаматтары, профессордың туған-

туыстары, достары, әріптестері және университет ғалымдары қатысты.
Конференция барысында Ж.Жапаров туралы жақын достары, әріптестері естеліктерімен бөлісіп, пленарлық мәжілісте 4 баяндама тыңдалды.
Филология ғылымдарының кандидаты Есимкулов Бакыт Нусупбекович және филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Ли Эмма Викторовна естеліктерімен бөлісті
1. Шакенов Манат Баяхметұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), №125 high school мектебінің физика пəні мұғалімі
Тақырыбы: «Мектепте физиканы оқытудың кейбір мәселелері»
2. Тасболатова Рыскүл Байтұрсынқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Тақырыбы: «Жомарт Жапаровтың өмірі мен қызмет жолы»
3. Тилешов Изетали Шаймерденұлы – физика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, Алматы қаласы
Тақырыбы: «Происхождение вселенной, теория единого поля»
4. Сеитова Сабыркуль Макашевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Тақырыбы: «Мектепте жоғары математика элементтерін оқытудың алатын орны» баяндамалары тыңдалды.
Конференция материалдарының жинағында жариялауға 47 ғылыми мақалалар қабылданды.