Almaty TechCup 2022

2022 жылғы 21-22 желтоқсанда Almaty Arena-да Алматы қаласы әкімінің кубогына робототехника және инновациялық технологиялар бойынша жыл сайынғы Almaty techcup 2022 атты чемпионаты өткізілді.

Оған ИС-211 Zhansugurov College тобының студенттері: Азаматұлы Мұхамеджан, Төлегенов Әнуар, Жұмаш Мирас қатысты. Жетекшілері: Ибраимов А.С. Жоғары техникалық ғылымдар мектебінің робототехника және мехатроника зертханасының меңгерушісі, Искакова С. М. Zhansugurov College информатика пәнінің оқытушысы.

Инженерлік жоба номинациясы бойынша біздің ММА командасына үшінші дәрежелі диплом табыс етілді, сондай-ақ “Satbayev University” техникалық университетінде гранттық оқуға сертификаттар табысталды. Команда барлау және іздеу жұмыстарына арналған “Scout” робот жобасын ұсынды.