ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БОЙЫНША БАҒДАРЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Желтоқсанның 26-сы  Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының «Журналистика» мамандығының 4 курс ЖҚ411, ЖҚ412, ЖР411 топтарының 24 студентіне оқытушылар тарапынан бағыттау конференциясы өтті. Академиялық күнтізбеге сәйкес өткізілген шара студенттердің өндірістік тәжірибеге белсенді қатысып, білігін шыңдауы басты мақсат етеді. Ал көрсетілген мерізім аяқталғанда білімгерлер күнделік, есеп, пікір-мінездеме, жолдама әкелулері міндетті.

Білімгерлер 2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап 15-мамырға дейін мамандықтары бойынша өндірістік тәжірибеде болады. Осы уақыт аралығында олар «Жетісу» телеарнасы, Алматы облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газетімен қоса «Алатау» газетінен, «Жетісу облысының әлеуметтік даму басқармасы» ММ,  Байланыс және мониторниг орталығы, Жетісу облысының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және Қоғамдық даму басқармасынан өндірістік тәжірибеден өтеді.