“Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі“

Ілияс Жансүгіров атындағы универсиететтің 4 курс «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының  білімгерлеріне  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 09.12.2022 ж. күні “Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі“ атты курс ұйымдастырды. Студенттер теориялық білімдерін практикамен ұштастырды. Студенттер қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеуге машықтанып, формативті бағалауда рефлексия мен кері байланыс әдістерін талдады,сабақты жоспарларлау ерекшеліктерімен танысты. Мектеп әдіскер- тренер мұғалімдері студенттерге педагогикалық практикадан өту алдында мектептің өмірі мен мұғалімге жұмыс кезінде не қажет екенін түсіндіріп, нұсқаушылық жасады.