Конференция

Ғылыми зерттеулерді қолдау қауымдастығының халықаралық ғылыми-практикалық конференциялары

Ғылыми зерттеулерді қолдау қауымдастығы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлесіп келесі конференцияларды өткізеді (конференция материалдары жетекші халықаралық ғылыми баспаларда жарияланады және кейіннен «Scopus» және «Web of Science» ғылымометриялық дерекқорларға индекстеуге жіберіледі):

1. «Заң ғылымы инновациялық экономиканы дамытудың және орнықты даму мақсаттарына қолжеткізудің негізі ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (LINE 2023).

Өткізу уақыты 2023 жылдың 9 ақпан күні онлайн және оффлайн форматта болады.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылдың 5 ақпанына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Конференция сайты: https://conferences.science/conferences/line-2023.html.

2. Заманауи білім беру технологиялары мен практикалары бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция (EdUCO 2023).

Өткізу уақыты 2023 жылдың 16 ақпан күні онлайн және оффлайн форматта болады.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылдың 10 ақпанына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Конференция сайты: https://conferences.science/conferences/educo-2023.html.

3. «Ғылымның, білімнің, қоғамның цифрлық трансформациясы – Тұрақты және инновациялық даму жолында» халықаралық ғылыми-практикалық конференция (DTSE 2023).

Өткізу уақыты 2023 жылдың 16 наурыз күні онлайн және оффлайн форматта болады.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2023 жылдың 8 наурызына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Конференция сайты: https://conferences.science/conferences/dtse-2023.html.

Ұйымдастыру жарнасы:

Жарна мөлшері (бір өтінім 5 авторға дейін) :

– Іс-шараның бірлескен ұйымдастырушылары немесе серіктестері болып табылатын мекемелердің қатысушылары үшін 10 000 рубль (≈70 000 теңге).

– Басқа қатысушылар үшін 15 000 рубль (≈105 000 теңге);

– Жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жариялау үшін таңдалған қолжазбалар үшін 15 000 рубль (≈105 000 теңге). Егер жариялау жарнасы (APC) қарастырылған болса, оны авторлар тобы журналға тікелей төлейді.