Қысқы мектеп

09-13.01.2023 жылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, білім берудің жаңартылған мазмұнын және инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында университетте өткен педагогикалық шеберлік қысқы мектебіне дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  оқытушылары  белсенді қатысты. Жалпы даму білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Б.Сарсенбаев  «Дене шыныктыру сабақтарын ұйымдастыру түрлері» тақырыбына семинар өткізді. Семинар барысында дене шынықтыруды ұйымдастырудың түрлері мен формалары зерттеліп талқыланды. Оқытушылар жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылады және жалпы білім беретін мектептермен өзара тиімді және практикалық ынтымақтастықты нығайту туралы ортақ пікірге келді. Шығармашылық оқыту білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері К.Тулеужанова  және Талдықорған қаласы № 2 орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі А.Туменбаева «Мәдени бос уақытын ұйымдастыру түрлері» тақырыбына семинарлар өткізді. Семинардың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің болашақ оқытушыларының мәдени-бұқаралық, мәдени-тәрбиелік, мәдени-ойын-сауық жұмыстарының тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату.