Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Кербұлақ ауданының мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда. 2023 жылғы 24 қаңтарда Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы Н. Әлмұханбетов атындағы орта мектебінің оқушыларына арналған кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Жиынға Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының директоры – Смагулова Самал Алпысбековна және философия докторы (Phd), педагогика және психология жоғары мектебінің ғылыми жұмыс жөніндегі үйлестірушісі – Майлыбаева  Гүлмира Сабыровна қатысты.

Сұхбат барысында мектеп түлектеріне Жетісу университеті жайлы арнайы бейнематериал мен таныстырылым ұсынылып, оқу орны жайлы толық мағлұмат берілді. Әсіресе, болашақ білімгерлер университет құрылымы, тарихи және тың мамандықтарға қызығушылық танытып сауалдарын қойды. Сондай-ақ, онлайн жүздесуде талапкерлерге ҰБТ тапсырудың ережелері жөнінде құнды ақпарат берілді. Спикерлер болашақ мамандықты таңдау, әр салада табысқа жету жайлы өздерінің пікірлерімен бөлісіп, білім саласындағы жаңашылдықтар туралы сөз қозғады.

Шара барысында түлектердің білім беру процесіне қатысты қойған түрлі сауалдарына қатысушылар толымды жауап беріп, мектеп қабырғасында өткізілетін қорытынды емтихандар мен алдағы тестілеуге сәттілік тіледі.

Жалпы, кәсіптік бағдар беру жұмыстары өңір көлемінде үздіксіз жүргізіліп келеді. Талдықорған қаласы мен елді-мекендердегі мектеп түлектері үшін бірнеше жиындар өтті. Алдағы уақытта, аймақ бойынша жоспарға сай кездесулер өткізу жоспаланып отыр.