«ЖҰМАХМЕТТІҢ ОЙСАРАЙЫ»

02.02.2023ж. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі студенттерімен ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жұмахмет Жайлаубаймен «Жұмахметтің ойсарайы» атты рухани кездесу өтті. Кездесу барысында Жұмахмет Жайлаубай білімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Сонымен қатар, «Ойсарай» атты кітабындағы философиялық ойлары талқыланды.