Педагогикалық іс тәжірибе

Жаратылыстану жоғары мектебінің «Химия-Биология» мамандығының 3 курс білімгерлері педагогикалық іс-тәжірибелерін Талдықорған қаласының мектептерінде өткізуде;

20.01.2023 ж. Советканов Мирас ФМБ НЗМ мектебінде педагогикалық практика өту кезеңінде 9 сыныптарға “Пән аралық байланыстар” тақырыбына тәрбие сағатын өткізді.

26.01.2023 ж. Сыдыков Асетбек «Innoverse» жеке меншік мектебінде педагогикалық іс-тәжірибе өту кезінде 10 сыныпқа ашық сабақ жүргізді.

03.02.2023 ж. Абдушукур Наргиз №5 М.Ломомоносов атындағы орта мектеп-лицейінде «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі» атты ашық сабағын 8 ”Г“ сыныбында өткізді.