6В02302 – Филология  БББ  топ студенттерінің өндірістік  практиканы өткізу сәттері

Ағымдағы жылдың 9 қаңтар айынан бастап гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, филология мамандығы бойынша 21 білімгер тиісті мемлекеттік мекемелерден өндірістік іс- тәжірибеден өтіп жүр. Атап айтсақ, аудан, ауыл, қала әкімдіктері, Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және талдау бөлімі, журналистика, баспасөз қызметтері, т.с.с.

Өндірістік іс- тәжірибе барысында ешқандай қиындық тудындамады. Қазіргі таңда көп ақпарат алып, мекеме қызметкерлерімен тез тіл табысып, әр іске жауапкершілікпен қарап, мекеме тәртібіне бағынып жұмыс атқару үстіндеміз.

Филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы- лектор Л.Аляхиметовнаның жетекшілігімен:

Мұрат Айжан Асланқызы Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы ретінде өндірістік іс- тәжірибеден өтіп жүр. Іс- тәжірибе барысында аудан әкімі А. Абдиновпен бірге түрлі іс- шараларға қатысып, Алакөл ауданындағы 24 округ бойынша тұрғындар кездесуі секілді жиындарға бірге барып, жиында қозғалған мәселелерді жазып, әлеуметтік желілерге жариялап отыр.

Мадет Ернұр Жетісу телеарнасындағы «Таңғы ақпараттық сазды» бағдарламасында тілші- редактор және жүргізуші бағдарлама тізгінінде. Әр түрлі сюжет дайындап, көрерменге қызықты деректер бөлісіп отырады. Тілге шебер, сөздік қоры мол. Өз ісінің шебер майталманы. Қазіргі таңда журналистика саласының қыр- сырын үйреніп келеді.       

Мұқан Азамат Айдосұлы Жетісу телеарнасындағы «Таңғы ақпараттық сазды» бағдарламасында тілші- редактор ретінде өндірістік іс- тәжірибеден өтіп жүр. Алғашқы күннен бастап жайдарлы мінезімен ортасына сіңісіп, қиыншылықтарға мойымай кез- келген істі бірден үйреніп алды.  Алдағы уақытты үйреніп, білетін ақпараттар өте көп.

Филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы- лектор Л. Аляхиметовнаның жетекшілігімен өтіп жатқан өндірістік іс- тәжірибеміздің қызығы да, қиыншылығы да көп. Алайда, қиыншылықтар біз үшін ешқашан кедергі келтірмейді.