ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ЖАҢАЛЫҚТАР

Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейі

Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейінің ұстаздарымен бірге орыс тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылуында 1-ауысым оқушыларын орыс халық костюмдерімен қарсы алдық. Барлығына жұқа блины мен тәтті нан ұсынылды. Мектептің залы орыс халық стилінде безендірілді, ал орыс ақындарының макеттері барлығына ұмытылмас эмоциялар мен апта бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жұмыс аптасы алдында көңіл-күйді көтеру үшін мұғалімдерге арналған музыкалық ойындар өткізілді.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ашық сабақтар өткізді, оқытудың жұмыс әдістерімен бөлісті. Тәжірибе жетекшілері Р.А. Төлеубаева, Ж.Т. Абдрахманова, С.К. Джумадилова, Г.К. Мукушева, М.К. Кеңес, С.О. Жарықбасова, О.Б. Раевамен бірге орыс халық шығармашылығымен байланысты қызықты зияткерлік ойындар өткіздік.

Онкүндіктің басынан бастап қоңырауларға «қыстық» орыс әндері қойылды, олар қыстың бүкіл атмосферасын және осы кезеңдегі мерекелерді жеткізді. Біздің балалық шағымыздағы фильмдер мен анимациялық телехикаялардан көптеген әндер алынды. Айта кету керек, бұған дейін қоңыраулардың орнына қазақ күйлері қойылған.

Біз осы іс-шаралардың бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз, өйткені бұл біз үшін үлкен тәжірибе және біздің жетекшілеріміз бен оқушыларымызды жақынырақ тануға жақсы мүмкіндік береді.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің

«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс

тілі мен әдебиеті» БББ-ның практиканттары

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Алғаш мектеп  табалдырығын аттаған кезде,   бізді директордың орынбасары    Мамелеева Салтанат Бейкеевна қарсы алды. Ол кісі бізді орыс тілі   мен әдебиеті   мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі Айгүл Өмірбайқызы Сабитовамен  таныстырды.  Айгүл Өмірбаевна бізді тәлімгерлерімізбен таныстырды және мектепті көрсетті. Педагогикалық іс-тәжірибенің алғашқы күндерінен бастап барлық мұғалімдер бізге түсіністікпен қарады: ҚМЖ  құруға көмектесті, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдануға болатын түрлі әдістер мен технологияларды көрсетті. Олар балалармен жұмыс істеу оңай екендігіне сендірді, біз тек дұрыс тәсіл мен ортақ тілді табуымыз керек екенін айтты. Біздің тәлімгерлеріміз     мұғалім болудың   көп артықшылықтары бар екенін нақты көрсетті. Әр түрлі жастағы балалармен жұмыс істеген кезде,  көзіміз жетті,    оларды да,   бізді де бір нәрсе біріктіреді – білімге ұмтылыс. Біз, орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 3-ші курс  студенттері,     ризашылығымызды білдіреміз: мұғалімдерге, бізбен   тәжірибелерімен бөліскені үшін; оқушылырға, тырысып, сабақта  қолдарын көтеріп, жауап бергені үшін.   Біз менторларымызға: Сабитова Айгүл Өмірбайқызына, Лих Ирине Владимировнаға,   Сергазина Мире Тлеубековнаға, Хасеинова Сания Несипказиевнаға, Клокова Елена Валерьевнаға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.  4-ші курстағы іс-тәжірибеге де НЗМ келеміз деп үміттенеміз.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің

«Орыс тілі мен әдебиеті» БББ-ның практиканттары