«Жырлайды жүрек»

9 ақпан күні ақиық ақын, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кеш өтті. Студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әр өлеңінің сюжетіне сәйкес көрініс қойды. Поэзия кешінің мақсаты, әдебиет пен өнерді ұштастыра білетін жастарды тәрбиелеу. Әдемі әндер  шырқалғаннан кейін, оқытушылар кештің соңында студенттерге жылы лебіздерін білдірді.