ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2022 жылдың 23 желтоқсанында Педагогика және психология жоғары мектебі «Педагогика және психология» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 3 курс докторанттарына арналған ғылыми семинар өтті. Семинардың мақсаты – докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету. Семинарды деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, философия докторы (PhD) Майлыбаева Г.С. өткізді.

Семинар барысында докторанттар ғылыми-зерттеу ақпараттарымен алмасты, ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Әрбір докторантқа қойылатын талаптарды ескере отырып, докторлық диссертация дайындау бойынша ұсыныстар берілді. Семинарға Жоғары мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттардың ғылыми кеңесшілері, докторанттар мен магистранттар қатысты.