«II – Халықаралық түрік әлемі педагогикалық білім ғылымдары» атты конгресі

16-18 қараша 2022 жылы Туркия мемлекеті, Анкара қаласы Гази университетінде «II – Халықаралық түрік әлемі педагогикалық білім ғылымдары» атты конгресі болды. Конгресске Педагогика және психология жоғары мектебі ғылыми жұмысы жөніндегі деканның орынбасары., PhD философия докторы Майлыбаева Гульмира Сабыровна  15-19 қараша аралығында іс-сапармен барып «Педагогтерді қашықтықтан білім беруде жұмыс жасауға даярлауды ресурстық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Конгресс барысында Туркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Азербайжан, Татарстан және т.б мемлекеттерден ғалымдар қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қашықтықтан оқыту, рухани-адамгершілік құндылық тағы басқа тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Іс-сапар барысында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 1 курс докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы, Гази университетінің профессоры Yüçel Gelişli үшжақты келісімге қол қойды.