Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ студенттерінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы

2023 жылдың 15 ақпанында 6В01507- «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесінің қорытындысы бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияға жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Б.Оксикбаев және педагогикалық практика жетекшілері С.Сыдыкбаева, Ж.Имангазинова, А.Маусумбаева, Т.Укушева қатысты. Конференция жоғары деңгейде өтті. Студенттердің практика кезінде кездескен қиындықтары зерделенді және талқыланды.