МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

Мұқағали ақынның жыр шумақтарынан төгілген жарық  6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті және 6В01704–Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының бірінші курс студенттері жиналған 401а кабинетіне түсті. Ұлы ақынның «Үш бақытым», «Жас қайың», «Өмір, құшағыңаш!», «Жаз, қыс, көктем», «Өмір, құшағыңды аш!» деген өлеңдері сезімге толы көңіл-күймен оқылды.Қатысушылар мен қонақтар лирик ақынның қиын шығармашылық тағдырымен танысып, оның стилінің байлығына тәнті болды. Іс-шараның басында және соңында кураторлар  К.А.Чеснокова мен А.К.Жазыбекова сөз сөйледі, олар өлең оқыған білімгерлерге рақмет айтып, поэзияны зерттеуде одан әрі табыс тіледі.