«Ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері» атты семинар

2023 жылдың 10 ақпанында Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің магистранттары, докторанттары, жас мамандарға арналған «Ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері» атты семинар өтті. Семинарда ғылыми мақаланың түрлері, жазу критерийлері, басылымға шығару талаптары талданып, мәлімет берілді. Отандық басылымдарға мақала жариялау тәртібі туралы оқытушы-дәріскер, ф.ғ.к. Сырлыбаева Г.Т., шетелдік басылымдарға мақала жазу, жариялау тақырыбында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары PhD Жабыкбаева Д.М. түсіндіріп берді.