Aғылшын тілінен пәндік олимпиада

2022-2023 оқу жылының 1-жартыжылдығында білімгерлердің ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Шетел тілі» білім беру бағдарламасының білімгерлері арасында ағылшын тілінен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға білімгерлер белсене қатысып, өз білімдерін жан-жақты көрсете алды. Қатысушылар арасынан алға шығып, үздік нәтиже көрсеткен білімгерлер жүлделі орындарға ие болды. Шетел тілі және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Орынбаева Ұлсерік Қыдырбайқызы олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, дипломдарын табыстады.