ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2023 жылғы 16 ақпан күні жаратылыстану жоғары мектебінде ғылыми семинардың кезекті отырысы өткізілді.

Ғылыми семинарда IT орталық директоры Ж.У.Ахметовтың «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізуге электрондық өтінім беру бойынша нұсқаулық» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар ғылыми семинарда 8D01503 Биология білім беру бағдарламасының докторанттарының диссертациялық жұмыстары талқыланды. Докторанттар зерттеулерінің орындалу барысы мен нәтижелерін таныстырды. Докторанттарға Дәрежелерді беру қағидаларын ескере отырып, диссертация дайындау мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.