Конференция

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде э.ғ.д., профессор Данияр Алтайұлы Қалдияровтың 60 жасқа толуына орай «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында ғылым мен білімнің тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында 40 студенттің, оның ішінде ҚР өзге жоғары оқу орындарынан 8 студенттің баяндамасы тыңдалды.

Конференцияның барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар және сертификаттар табысталды. Сонымен қатар арнайы комиссияның қорытындысы бойынша үздік баяндамалар мен мақалалар 20 ақпанда арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.