«Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемдері» тақырыбында әдістемелік семинар

16.02.2023 жылы дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің п.ғ.к., оқытушы-дәріскер А.Курманбаев «Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемдері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жас оқытушыларға критериалды бағалаудың мәнін түсінуге көмектесу. Семинар барысында қатысушылар формативті бағалау арқылы білімгерлер мен оқытушылар жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін қалай жақсартуға болатынын білді.