Стипендия

Словакия Республикасы студенттерді, аспиранттарды, университет оқытушыларын, зерттеушілерді, соның ішінде суретшілерді Ұлттық стипендиялық бағдарлама шеңберінде алмасу бойынша оқуға шақырады. Ұлттық стипендиялық бағдарламаны Словакия Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және спорт министрлігі және Еуропалық Одақ («Next Generation EU») ресурстары қаржыландырады. Бағдарлама университеттер мен ғылыми ұйымдарда білім беру, оқытушылық, ғылыми, көркемдік тағылымдамадан өтуді, екі жақты ұтқырлықты: шетелдік стипендиаттардың Словакияға, сонымен қатар словак стипендиаттарының шет елдерге ұтқырлығын қолдайды. Толық мәліметтер бағдарламаның веб-сайтында: https://www.stipendia.sk/ru/main/o-programe.