«Заман талабына сай маман даярлау»

24.02.2023 жылы Іліяс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Жаратылыстану жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Заман талабына сай маман даярлау» тақырыбында форум өтті.

Форумның мақсаты жұмыс берушілермен бірлесе отырып, жаратылыстану бағытындағы педагогикалық мамандарды даярлаудағы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру және жұмыс беруші мен университеттің интеграцияланған жұмысын жандандыру.

Форумға Жетісу облысының білім басқармасының басшысының орынбасары Мукажанов Е.Б., Талдықорған қалалық политехникалық колледжінің директоры Нұрғожаев Ш.Б., Талдықорған қаласының мектеп директорлары, НЗМ мамандары, Жетісу облысының, аудан мектептерінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасарлары, жоғары мектепте жұмыс берушілер тарапынан сабақ беруші мұғалімдер, білім беру бағдарламаларының  жетекшілері, университетіміздің тәжірибелі ұстаздары мен жас мамандар қатысты.

Форум барысында жұмыс берушілер тарапынан  заман талабына сай маман даярлауда  білім беруде көңіл бөлетін мәселелер айтылып, ұсыныстар жасалды.  Жалпы,  форум университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жандандыруға ықпал етті.