3-курс География-Тарих студенттерінің қорытынды
педагогикалық іс-тәжірибе конференциясы

2023 жылы 20 ақпанында 6В01510-География-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша 311 ГТҚ топ студенттеріне педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы өтті. Конференция барысында студенттер мектеп оқушыларына сабақ беру процесі мен сабақ кезінде өздерінің қолданылған заманауи оқыту технологияларының ерекшеліктерін презентация арқылы көрсетті. Студенттердің қорытынды педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша бекітілген жетекшілері және жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының жетекшісі конференцияда студенттерді бағалап өздерінін бағаларын қойды.