«Алғыс айту-парызым» атты тәрбие сағаты

2023 жылдың 01 наурызында Жаратылыстану жоғары мектебінің Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскерлері С.М Дюсембинова, А.Т. Исабаев «География», «География-Тарих» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттеріменбірге «Алғыс айту-парызым» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру. Тәрбие сағаты сонында білім беру бағдарламасының оқытушыларына сөз беріліп, оқытушылар өздерінің студенттерге деген рахметтерін алғыстарын айтып, алғыс айту туралы түсініктерін кеңінен баяндады.