«Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар» ПЕДх 

24.02.2023 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Медиаорталығы», педагогика және психология жоғары мектебінің              6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және  тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының, жұмыс берушілермен облыстық тәжірибе алмасу «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар» ПЕДх  атты конференциясы өтті. Оған ПОҚ құрамы, жұмыс берушілер, білімгерлер, магистранттар және докторантттар қатысты.

Конференцияның мақсаты: университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін, сапалы білім беруде инновациялық технологияларды  қолдану білігін жетілдіру.

Конференцияның міндеттері:

– озық тәжірибе негізінде теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету;

– оқыту формалары, әдістері және құралдарымен таныстыру;

– болашақ педагог мамандарға жұмыс берушілердің тәжірибесмен бөлісуі,  біліктілігі мен кәсіби шеберлігін көрсету;

– оқу процесін жетілдіру және оқыту практикасында ғылымның заманауи жетістіктерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 Конференцияның соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.