Семинар

2023 жылғы 23-24 ақпан аралығында Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында, Алматы қаласы, Ғылым және Жоғары білім Министрлігі мен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастырған «Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру: жоғары оқу орындарының халықаралық маңызы» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға университеттің халықаралық қызметіне жауапты университеттердің проректорлары мен қызметкерлері қатысты.

Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері еліміздің жоғары оқу орындары базасында шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашудағы тәжірибелерімен, шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос диплом бағдарламаларын іске асыру жөніндегі тәжірибелерімен, сондай-ақ халықаралық рейтингтердегі жетістіктерімен бөлісті.

Спикерлер ретінде British Council, Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі, Erasmus+ Еуропалық бағдарламасының ұлттық кеңсесі сияқты ұйымдардың өкілдері шақырылды. Семинарға қатысушылардың назарына ҚР жоғары оқу орындарының интернационалдандыру деңгейін арттыруға ықпал ететін халықаралық бағдарламалар мен жобалар ұсынылды.

Семинарға қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындау кезінде бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болды, білім алушылар мен ПОҚ-ның Академиялық алмасуының өзекті мәселелерін шешті, еліміздің барлық жоғары оқу орындарында туындайтын қандай да бір жағдайлардан шығудың жолдарын іздеді.

Жетісу университетінде оқу қорытындысы бойынша ЖОО қызметкерлері арасында Таныстыру семинарын өткізу жоспарлануда.