«Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы». «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім минитсрлігі 2023 жылы Қазақ-жоңғар соғысына 380 жылдығы (1643-1759 жылдар), «Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл – сұлама» (1723-1727 жылдар) 300 жылдығын атап өту бойынша республикалық іс-шаралар жоспарына ұсынылатын іс-шаралар негізінде 2023 жылдың 03 наурызында БҚ 111 және МБқ 111 топтарда «Қазақстан тарихы» пәнінен 08.30-09.20 аралығында практикалық сабақтан «Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы». «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары» атты тақырыпта ашық сабақ өтілді. Ашық сабақ жаңартылған білім беру жүйесі негізінде жүргізілді. Яғни практикалық сабақта білімгерлерді топқа бөліп, сабақ барысында world wall, quiz, kahoot, necerpod  интербелсенді түрлері қолданылды. Ашық сабақты әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, магистр – Б.Т. Калиева өткізді.