Философия пәні бойынша ашық сабақ

17 ақпан күні сағат 12:20-да философия пәнінен «Таным және шығармашылық» тақырыбы бойынша «Жаратылыстану» факультетінің «Химия және математика» топтарының арасында 1 курс студенттері бойынша ашық сабақ өткізілді.

Студенттер бірнеше топтарға бөлініп таным мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар танымның негізгі формалары, объектісі мен субъектісі, түйсік және таным теориясы жайлы әртүрлі сұрақтар қойылып, студенттер арасында тақырып бойынша ой бөлісу жүргізілді. Ашық сабаққа барлығы  29 студент қатысты. Олардың ішінде: Орманова Еркежан, Медет Ақбота, Аликқызы Анель, Әсемхан Аяулым, Сайлаубекова Айерке, Наухан Султанбейбарыс, Иманбаева Анель, Ізбасарова Дильназ және тағы басқа студенттер белсенділік танытты. Сабақтың соңында кері байланыс жүргізілді. Кері байланыс ойын түрінде ұйымдастырылды. «Бреин-ринг» әдісі бойынша студенттер қызығушылық танытып өзара сұрақтар қойып, өз ойларын еркін жеткізе алды.