«Ұлы дала елінің барысы» қойылымы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Абиров Данияр Акпарович Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің тарих пәні бірлестігі  мен оқушылардың ұйымдастыруымен өткізілген қойылымға жюри ретінде өз бағасын беріп қайтты. Халқымыздың ұлы перзенті Бауыржан Момышұлы айтқандай «Бұрынғы дәстүрді, бұрыңғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік». Сондықтан бүгінгі тарихи кеш арқылы жастар Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосқан ұлы тұлға-Сұлтан Бейбарстың ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын таныи білді.