Алғыс айту күні

2 наурызда біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы тілдік курстар тыңдаушыларының қатысуымен Алғыс айту күнін өткізді. Бұл іс-шара білім алушылардың бір-біріне деген ризашылық, құрмет және достық сезімдерін тәрбиелеуге, патриотизмді дамытуға, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында интеллектуалды викторина, «университет студенттерінің ағылшын тіліндегі алғыс сөздері» акциясы, концерт өткізілді. Іс-шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Түскен қаражат Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған көмек қорына жіберілді.