Байқау

2 наурызда «ADALPOSTER»сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлестірме материалдар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты шығармашылық арқылы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесін жетілдіру. Байқауға әртүрлі топтардың, Жетісу университетінің жоғары мектептерінің және Жансүгіров колледжінің білім алушылары қатысты. Жеңімпаздар үш номинация бойынша іріктелді: «Үздік постер» – Жансүгіров колледжінің ҚҚ 306 тобының студенттері Омархан Мейрамбек және Байбол Жанбол, «Үздік флайер»-ХҚ 311 тобы Шаяхмет Шырын және Уакышева Назым, «Үздік брошюра»-БҚ 211 тобы Керімбекова Аружан, Нұрсалимова Аружан, Алиева Диана. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.