Съез

Еуразиялық университеттер қауымдастығының XV Съезі

2 наурыз күні Қауымдастық президенті, М. В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры, академик В. А. Садовничийдің төрағалығымен Мәскеу мемлекеттік университетінде Еуразиялық университеттер қауымдастығының XV Съезі өтті. Съезге Үлкен Еуразия кеңістігінде ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылау мақсатымен әлемнің 18 елінен 117 университеттің өкілі келді. Қазақстандық делегацияны ғылым және жоғары білім вице-министрі Қ. Ерғалиев және Еуразиялық университеттер қауымдастығының вице-президенті Е. Сыдықов басқарды. Қазақстан Республикасынан съезге 20-дан астам ЖОО, КЕАҚ » І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» өкілдері болып Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А. С. Бахтаулова және халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының директоры Ж. Нұрмұхамедқызы қатысты.

Пленарлық отырыста қауымдастық мүшелері болып табылатын түрлі университеттерден 32-ден астам баяндамашы сөз сөйледі, қауымдастықтың одан әрі іс-қимылдары бойынша Қарар қабылданды, ЕАУ басқарушы органдарының сайлауы өтті. Қауымдастық құрамына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Сербия Республикасы және т.б. республикалардан 25 университет қабылданды.

Еуразиялық университеттер қауымдастығы ЖОО арасындағы жүйелі диалогты қолдау, Еуразия елдерінің ғылыми-білім беру және гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту үшін жағдай жасау алаңы ретінде маңызды рөл атқарады.