«Көрісу – ынтымақ пен бірліктің бастауы!»

2023 жылдың 16 наурызында Жаратылыстану жоғары мектебінің Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-ассистенті С.А.Маманова мен оқытушы-дәріскері Л.К. Ыбраймжанова «Химия», «Химия-Биология» мамандықтарының 1-2 курс білімгерлерімен бірге «Көрісу – ынтымақ пен бірліктің бастауы!» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – білімгерлерге халқымыздың қасиетті күні 14-Наурыз көрісу күнінің маңызы туралы білім беру және де ұлттық дәстүрлер туралы білімдерін одан әрі дамыту. Сонымен қатар, білімгерлерді адамгершілікке, имандылыққа, ибалылыққа, мейірімді болуға тәрбиелеу. Наурыз мейрамының бастауы Көрісу күні құтты болсын! Елімізде тыныштық, отбасымызда амандық, ынтымақ пен береке-бірлік болсын!